locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Головкин мансабындағы соңғы жекпе-жегін Қазақстанда өткізуі мүмкін. Ресми мәлімдеме жасалды

Бокс
Богдан Писаренко
Богдан Писаренко
Головкин мансабындағы соңғы жекпе-жегін Қазақстанда өткізуі мүмкін. Ресми мәлімдеме жасалды
ФОТО: Getty Images. Геннадий Головкин

Аты аңызға айналған қазақстандық боксшысы Геннадий Головкин рингке қайта оралып, мансабындағы соңғы жекпе-жегін өткізуі мүмкін.

Sports Illustrated басылымының мәліметінше, 42 жастағы қарағандылық спортшы бұл кездесуді өз отанында, яғни Қазақстанда ұйымдастыруға мүмкіндік алып отыр.

“Біз оның жекпе-жегін Қазақстанда ұйымдастыруға қуанышты болар едік. Ол – елдегі нағыз ұлттық батыр”, – деді Nomad Promotions компаниясының промоутері Скотт Мюррей.

Айта кетейік, Головкин соңғы жекпе-жегін 2022 жылдың қыркүйегінде өткізіп, мексикалық Сауль “Канело” Альвареске екінші орта салмақтағы чемпиондық белбеулер үшін өткен кездесуде жеңілген еді.

Геннадий Головкин кәсіби мансабында бұған дейін Қазақстанда бір рет жұдырықтасқан – 2010 жылы Астанада өткен жекпе-жекте ол колумбиялық Нильсон Хулио Тапияны 3-раундта нокаутқа түсірді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie