locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Головкин бокстың Даңқ залына енді

GGG посткеңестік кеңістіктен шыққан заманауи төртінші боксшы атанды
ФОТО: Getty images

Қазақстан мен әлем боксының аңыз тұлғасы Геннадий Головкин ресми түрде Халықаралық бокстың Даңқ залына енгізілді. Бұл туралы Даңқ залының Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарланды.

Марапаттау рәсімі 2026 жылдың маусымында Нью-Йоркте өтеді.

GGG бұл құрметке ие болған алғашқы қазақстандық боксшы әрі посткеңестік кеңістіктен шыққан төртінші заманауи спортшы атанды. Бұған дейін бұл тізімге Костя Цзю мен Кличко ағайындылары енген.

Даңқ залына өту үшін басты талаптардың бірі – боксшы мансабын кем дегенде 5 жыл бұрын аяқтауы және бокстың дамуына елеулі үлес қосуы. Головкин ресми түрде мансабын аяқтағаны туралы әлі жариялаған жоқ.

42 жастағы Головкин – IBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы қазіргі әлем чемпионы, сондай-ақ WBC, IBF, WBA және The Ring титулдарының бұрынғы иегері, 2004 жылғы Олимпиаданың күміс жүлдегері. Соңғы кездесуін қазақстандық 2022 жылы өткізіп, атақты трилогияның шешуші жекпе-жегінде мексикалық Сауль Альвареске жол берді.

Головкиннің кәсіби бокстағы жалпы көрсеткіші – 42 жеңіс, екі жеңіліс және бір тең нәтиже.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie