locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Гүлсая Ержан Үндістан спортшысын жеңіп, Thailand Open-2025 турнирінің финалына шықты

Бокс
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
Гүлсая Ержан Үндістан спортшысын жеңіп, Thailand Open-2025 турнирінің финалына шықты
ФОТО: Getty Images

Қазақстандық боксшы Гүлсая Ержан Таиланд астанасы Бангкок қаласында өтіп жатқан беделді халықаралық Thailand Open-2025 турнирінің финалына жолдама алды.

80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жартылай финалдық жекпе-жекте Ержан Үндістандық спортшы Ральте Лайфакмавимен кездесті. Кездесу толық үш раундқа созылып, өте тартысты өтті. Екінші раундта қарсыласының басымдығына қарамастан, Гүлсая мықтылық танытып, төрешілердің бөлек шешімімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, 2024 жылы Ержан дәл осы Таиландта, Чиангмай қаласында өткен Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алған болатын. Thailand Open-2025 турнирі 24 мамырда басталып, 1 маусымда аяқталады.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie