locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Фьюри Усикпен үшінші жекпе-жек өткізуді талап етті: Келесі айқас – Англияда өтпек

Бокс 30 сәу 2025 12:04
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
Фьюри Усикпен үшінші жекпе-жек өткізуді талап етті: Келесі айқас – Англияда өтпек
ФОТО: Getty Images

Британдық ауыр салмақтағы боксшы Тайсон Фьюри украиналық Александр Усикпен үшінші мәрте шаршы алаңға шығуға дайын екенін мәлімдеді.

Усик қазіргі таңда WBC, WBA және WBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атақтарының иегері.

Әлеуметтік желіде жариялаған жазбасында Фьюри эмоциясын жасырмай, қарсыласына ашық түрде сес көрсетті:

«Мен бұл бәлені екі рет жеңдім, бүкіл әлем мұны көрді. Қалаған кез келген уақытта, кез келген жерде кездесуге дайынмын. Бұл жолы – Ұлыбританияда, 100 мың адамның алдында», – деп жазды ол.

Фьюри мен Усик арасындағы алғашқы жекпе-жек өткен жылдың мамыр айында өтіп, төрешілердің бөлінген шешімімен украиналық боксшы жеңіске жеткен болатын. Желтоқсанда өткен қарымта кездесуде Усик тағы да басым түсіп, бұл жолы төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңіске жетті.

Тайсон Фьюри бұл текетіресті аяқтауға асығар емес. Ол үшінші жекпе-жекте өз шындығын дәлелдеуге ниетті және бұл жолы айқас өз елінде – Англияда өтеді деп сенімді түрде айтып отыр.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie