Этникалық қазақ бокс кешінде Гассиев пен Пулев жекпе-жек өткізетін турнирге қатысады
Мадияр Сайдрахимов рингте Давид Дзукаевпен кездеседі
ФОТО: Instagram saydrakhimov_madiyar
Өзбекстан атынан өнер көрсететін этникалық қазақ Мадияр Сайдрахимов (3-0, 1 КО) Дубайда (БАӘ) өтетін «IBA.PRO 13» турнирінде Мурат Гассиевпен бірге бір рингке шығады.
Бұл кеш аясында Сайдрахимов жеңіліп көрмеген Давид Дзукаевпен (11-0, 7 КО) қолғап түйістіреді.
Әлемнің бұрынғы чемпионы Мурат Гассиев (32-2, 25 КО) кештің басты жекпе-жегінде ауыр салмақтағы WBA «тұрақты» чемпионы болгариялық Кубрат Пулевпен (32-3, 14 КО) күш сынасады.
Турнир Дубайдағы «Бокс фестивалінің» бір бөлігі болады, оның аясында жалпы жүлде қоры 8,32 миллион долларды құрайтын ерлер арасындағы әлем чемпионаты да өткізіледі.