locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Елнур Сүйінбайдың кәсіпқой бокстағы алғашқы қарсыласы белгілі болды

Елнұр Сүйінбай кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегіндегі қарсыласын білді
Елнур Сүйінбайдың кәсіпқой бокстағы алғашқы қарсыласы белгілі болды
ФОТО: IG Елнур

Қазақстан боксының жарқырап келе жатқан жұлдызы Елнұр Сүйінбай 11 шілде күні кәсіпқой рингтегі алғашқы жекпе-жегін өткізеді. Алматы қаласында өтетін ауқымды бокс кеші Елнұрдың жаңа деңгейдегі мансабына жол ашпақ.

21 жастағы Сүйінбайдың алғашқы қарсыласы – 33 жастағы мысырлық Ахмед Болоши. Оның кәсіпқой рингтегі көрсеткіші – 9 жекпе-жекте 7 жеңіс (үшеуі нокаутпен) және 2 жеңіліс. Кездесу алғашқы орта салмақта өтеді және алты раундқа жоспарланған. Болоши – 2023 жылдан бері кәсіпқойда өнер көрсетіп жүрген Мысыр чемпионы. Тәжірибелі, шабуылшыл және табанды қарсылас Елнұр үшін үлкен сынақ болмақ.

Сүйінбай кәсіпқой рингке бай тәжірибемен қадам басып отыр. Ол – жастар арасында Азия чемпионы, 22 жасқа дейінгі спортшылар арасында Азия жеңімпазы және жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері. Оның кәсіпқойға өтуі – қазақстандық бокс жанкүйерлері асыға күткен оқиғалардың бірі.

Айта кетейік, дәл осы бокс кешінде тағы бір қазақстандық талант – әлем және Азия чемпионаттарының күміс жүлдегері Дулат Бекбауов та кәсіпқой дебютін өткізеді. Ол 13 жеңіске (10 — нокаутпен) ие Мариос Матамбаға қарсы жекпе-жекке шығады. Бұл кездесу кештің басты оқиғасы болады.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie