locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Әділет Тортубек Азия чемпионатында жеңіспен бастады

Қазақстандық боксшы Бангкоктағы жастар арасындағы чемпионатта сенімді жеңіске жетті
Бокс
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
 Әділет Тортубек Азия чемпионатында жеңіспен бастады
ФОТО: ҚБФ

Қазақстандық боксшы Әділет Тортубек Бангкокта (Тайланд) өтіп жатқан Азия чемпионатында сәтті дебют жасады.

60 кг дейінгі салмақ дәрежесінде алғаш рет рингке шыққан ол Үндістанның өкілі Шубхаммен кездесті. Жекпе-жек Тортубектің жеңісімен аяқталып, ол төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен келесі кезеңге өтті.

Айта кетейік, бұл Азия чемпионаты U-19 және U-22 жасөспірімдер арасында бірінші рет World Boxing ұйымы тарапынан ұйымдастырылып отыр. Жарыстар 11 тамызға дейін жалғасады.

Сондай-ақ Әділбек Қожахан Азия чемпионатындағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіліс тапты.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie