locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

ДЕРЕККӨЗ. Жәнібек Әлімханұлының келесі жекпе-жегінің күні мен қарсыластары белгілі болды

ДЕРЕККӨЗ. Жәнібек Әлімханұлының келесі жекпе-жегінің күні мен қарсыластары белгілі болды
ФОТО: Getty images

Орта салмақта WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлының рингке оралу күні мен ықтимал қарсыластары белгілі болды, деп хабарлайды EverythingBoxing.

Ақпарат көзінің мәліметінше, қазақстандықтың мүддесін қорғайтын Top Rank промоутерлік компаниясы 5 сәуірде бокс кешін ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Алайда, шараның өтетін орны әзірге жарияланған жоқ.

“Қазақ стилі” лақап атымен танымал Жәнібектің ықтимал қарсыластарының қатарында Шейн Мозли-кіші (АҚШ), Анауэль Нгамиссенге (Франция) және Эндри Сааведра (Венесуэла) бар.

Әлімханұлы соңғы жекпе-жегін 2024 жылдың қазан айында Жаңа Зеландиялық Андрей Михайловичке қарсы өткізген болатын. Сол кезде Аустралияның Сидней қаласында өткен бокс кешінде қазақстандық спортшы техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Астанада өтетін бокс кешінде Әли Ахмедовтың жаңа қарсыласы белгілі болды

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie