locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Даудың өзі тоқтата алмады. Әлімханұлы Кроуфордпен мегажекпе-жек өткізуі мүмкін

Допинг дауына қарамастан, Британия супержекпе-жек туралы жазуда
Даудың өзі тоқтата алмады. Әлімханұлы Кроуфордпен мегажекпе-жек өткізуі мүмкін
ФОТО: Getty images

Орта салмақта WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы саналатын Жәнібек Әлімханұлын алда аса ірі жекпе-жек күтіп тұруы мүмкін. Британдық танымал Boxing News басылымының журналисі Оскар Пиктің жазуынша, келесі қарсыласы ретінде америкалық жұлдыз Теренс Кроуфорд қарастырылып жатыр.

Пиктің пікірінше, Кроуфордтың орта салмаққа ауысуына негізгі қозғаушы күш - қаржылық мотивация. Қыркүйек айында Сауль «Канело» Альвареспен өткізген супержекпе-жектен кейін америкалық боксшының табысы рекордтық деңгейге жетті. Енді оның келесі қарсыласы да кем дегенде сондай деңгейдегі есім болуы тиіс. Алайда өз салмағында ондай деңгейдегі боксшылар қазіргі таңда жоқтың қасы.

«Келесі жылы оның орта салмақтағы біріккен чемпион - Жәнібек Әлімханұлымен жекпе-жек өткізу мүмкіндігі бар сияқты. Мұндай кездесу Кроуфордқа жаңа салмақта алтыншы чемпиондық белбеу алу жолын ашады», - деп жазады британдық журналист.

Еске салайық, желтоқсан айының басында Жәнібекке қатысты допинг жанжалы шыққан еді: оның сынамасынан мельдоний ізі табылып, Эрисланди Ларамен өтетін біріктірілген титулдық айқас тоқтатылды.

Соған қарамастан, спорттық көрсеткіштері әлі де жоғары деңгейде. Қазіргі таңда Әлімханұлының кәсіби рекорды - 17 жеңіс (12 нокаут) және бір де бір жеңіліс жоқ. Оның соңғы жекпе-жегі 2025 жылдың 5 сәуірінде өтіп, қазақстандық боксшы француз Нгамиссенгені сенімді түрде ұтқан болатын.

Ал Теренс Кроуфорд 14 қыркүйекте Сауль Альваресті төрешілер шешімімен жеңіп, кезекті мәрте өз салмағындағы үстемдігін дәлелдеді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie