locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Данияр Елеусінов мансабының шетелде жалғасуы жайлы өз ойымен бөлісті

Данияр Елеусінов мансабының шетелде жалғасуы жайлы өз ойымен бөлісті
ФОТО: Getty images

Олимпиада чемпионы және Қазақстанның ең танымал кәсіпқой боксшыларының бірі Данияр Елеусінов жаңа келісімшартқа қол қойып, рингке оралу үшін АҚШ-қа аттанатынын хабарлады.

Боксшының айтуынша, ол алдағы уақытта Америкада оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Осы жазда шетелде келесі жекпе-жегін өткізу жоспарланған. Даниярға кәсіби деңгейі мен әлеуетін жоғары бағалаған жаңа ұйым қызығушылық танытқан.

«Келісімшартқа қол қойылды. Жақын арада АҚШ-қа оқу-жаттығу жиынына аттанамын. Келесі жекпе-жек жазда шетелде өтеді. Бұл ұсынысты менің мансабымды бұрыннан бақылап жүрген, деңгейімді жақсы білетін адамдар жасады», - деді Елеусінов.

Сондай-ақ Данияр жақында кәсіпқой рингте сәтті дебют жасаған жас боксшы Төрехан Сабырханның болашағына оң баға берді.

«Төреханның аяқ алысы жаман емес. Өте талантты жігіт, маған ұнайды».

Сонымен қатар ол Астанада Жәнібек Әлімханұлының қатысуымен өткен бокс кешіне шақырту алмағанын да атап өтті.

Данияр Елеусінов 2024 жылдың қыркүйегінен бері рингке шыққан жоқ. Ол қатысуы тиіс болған All Stars Boxing турниріндегі жекпе-жегі өтпей қалған еді. Содан бері ресми жекпе-жек өткізе алмады.

Енді Елеусінов мансабын жаңадан жандандыру мүмкіндігіне ие болып отыр. Бұл мүмкіндік бұрынғы боксшы әрі шоумен Дана Уайт пен Сауд Арабиясының инвесторлары іске қосып жатқан жаңа халықаралық промоутерлік платформа аясында берілмек. Жоба аясында әр салмақта бір ғана абсолют чемпион анықталатын болады.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie