BoxRec рейтингінде өзгеріс: Әлімханұлы көшбасшылықтан айырылды
Орта салмақта WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы саналатын қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 КО) BoxRec рейтингінде көшбасшылық орнын босатты. Беделді порталдың жаңартылған нұсқасына сәйкес, бұл салмақ дәрежесінің жаңа көшбасшысы — WBA белбеуінің иегері, тәжірибелі кубалық Эрисланди Лара (31-3-3, 19 КО).
Жәнібек екінші орынға сырғыса, үздік үштікті IBO чемпионы, британдық Крис Юбэнк-кіші (35-3, 25 КО) түйіндеді. Ал төртінші сатыда WBC белбеуінің иегері, доминикандық Карлос Адамес (24-1-1, 18 КО) орналасқан. Осылайша, орта салмақтағы негізгі төрт титул әлі де әр түрлі боксшылардың иелігінде.
Айта кетейік, Жәнібек соңғы жекпе-жегін 2025 жылдың 5 сәуірінде Астанада өткізіп, француз Анауэль Нгамиссенгені бесінші раундтың басында нокаутпен жеңіп, екі чемпиондық атағын сәтті қорғап қалды. Бұл оның кәсіпқой рингтегі 17-жеңісі және тоғызыншы нокауты болды.