locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Бокстың Олимпиада ойындарының бағдарламасындағы болашағы наурызда өтетін ХОК сессиясында белгілі болады

Бокс
Наурызбай Қанатұлы
Наурызбай Қанатұлы
Бокстың Олимпиада ойындарының бағдарламасындағы болашағы наурыз өтетін ХОК сессиясында белгілі болады
Фото: olimpic.kz

Халықаралық Олимпиада комитетінің (ХОК) 144-ші сессиясы 2025 жылдың 20 наурызында Грекияның Коста-Наварино қаласында өтеді. Сол сессияда Олимпиададағы бокстың болашағы белгілі болмақ.

Жаңадан құрылған World Boxing ұйымы Олимпиада бағдарламасында боксты сақтап қалу үшін белсенді жұмыс істеп жатқаны белгілі болды. Аталған ұйымның Олимпиадалық комиссиясының төрағасы Геннадий Головкин ХОК және ұлттық федерациялармен тығыз байланыс орнатылғанын атап, соның нәтижесінде World Boxing ұйымына мүше елдердің саны 68-ге жеткенін хабарлады.

Биыл 2013 жылдан бері ХОК-ты басқарып келе жатқан Томас Бахтың президенттік мерзімінің аяқталуына байланысты қызметінен кетеді. Ал келесі басшысының кім болатыны әзірге белгісіз. Егер ХОК тарапынан World Boxing ресми мойындалса әуесқой бокс үшін мәселе біржақты шешімін табады.

Осылайша, наурыздағы ХОК сессиясы бокстың Олимпиададағы тағдырын анықтайтын маңызды жиын болмақ.

Естеріңізде болса, Рио Олимпиадасынан кейін ерлер арасында бокстағы салмақ дәрежелері 10-нан 7-ге дейін қысқарды. Есесіне, Лондонда әйелдер боксына қосылған 3 салмақ дәрежесі Токио Олимпиадасында 5-ке дейін көбейтілді.

Абель Санчес Головкиннің топ-боксшымен өткізген спаррингі жайлы

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie