locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Бокстан әлем чемпионаты: 11 наурызда ел намысын қорғайтын боксшы қыздар

ФОТО: Instagram

Нишеде (Сербия) әйелдер арасындағы бокстан әлем чемпионаты жалғасуда. Бүгін, 11 наурызда, 1/8 финал аясында Қазақстан құрамасының алты боксшысы рингке шығады:

  • Алуа Балкибекова (50 кг дейін) – Ясмин Мутаки (Марокко)
  • Жайна Шекербекова (54 кг дейін) – Жанет Алонсо (Мексика)
  • Виктория Графеева (60 кг дейін) – София Легаки (Греция)
  • Аида Абикеева (63 кг дейін) – Чжао Шоюй (Қытай)
  • Жасмин Кизатова (66 кг дейін) – Ивануса Гомес (Кабо-Верде)
  • Гульсая Ержан (81 кг дейін) – Вансяо Мэн (Қытай)

Жарыс Астана уақытымен 18:00-де басталады.

Айта кетсек, әлем чемпионаты 8-16 наурыз аралығында өтуде, оған 51 елден 239 боксшы қатысуда. Бас жүлде – 100 мың АҚШ доллары.

Алдын, Анита Адишева халықаралық бокс турнирінде мексикалық боксшыдан жеңіліп қалған еді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie