locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Бұл - бір дәуірдің соңы». Қазақстандық боксшы Кроуфордпен эмоцияға толы қоштасты

Жүкембаев Кроуфордтың мансабын аяқтауына әсерлі пікір білдірді
«Бұл - бір дәуірдің соңы». Қазақстандық боксшы Кроуфордпен эмоцияға толы қоштасты
ФОТО: IG Батыр

Қазақстандық бірінші жартылай орта салмақ өкілі Батыр Жүкембаев заманауи бокстың ең жарқын жұлдыздарының бірі - америкалық Теренс Кроуфордтың мансабын аяқтағаны туралы жаңалыққа өз ойын білдірді.

Отандасымыз эмоциясын жасырмай, Кроуфордты тек ұлы чемпион ғана емес, кәсіби жолына айрықша ықпал еткен тұлға ретінде атап өтті. Жүкембаевтың айтуынша, бір залда бірге жаттығып, аңыз боксшымен қатар жұмыс істеу - үлкен мектеп әрі сирек бұйырған мүмкіндік болған.

«Онымен қатар жүріп, мен тек оның адами қасиеттерін ғана емес, мінезін, темірдей тәртібін және ісіне деген шексіз адалдығын көрдім. Нағыз чемпионды ерекшелендіретін де - осы. Ол тек ұлы боксшы емес, ең алдымен өте жақсы адам», - деп жазды Жүкембаев.

Еске сала кетейік, Теренс Кроуфорд 17 желтоқсанда кәсіби мансабын ресми түрде аяқтайтынын жариялады.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie