locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Биволдан сескенді ме? Бетербиев реванштың орнына жаңа қарсылас таңдады

Бетербиев жеңілмеген басқа боксшымен жекпе-жекке ниет білдіруде
Биволдан сескенді ме? Бетербиев реванштың орнына жаңа қарсылас таңдады
ФОТО: Getty images

Жартылай ауыр салмақтағы бұрынғы абсолютті әлем чемпионы Артур Бетербиев (21–1, 21 KO) биылғы жылдың соңына дейін қайта рингке шығуы мүмкін. Инсайдер Тай Джонстың хабарлауынша, боксшының командасы әлі жеңіліп көрмеген пуэрто-рикалық Наджи Лопеспен (14–0, 9 KO) жекпе-жек өткізу жөнінде келіссөздер жүргізіп жатыр. Бұл айқас 25 қараша күні Сауд Арабиясында өтуі мүмкін және Дэвид Бенавидес пен Энтони Ярд қатысатын ауқымды бокс кешінің бір бөлігі болмақ.

Тай Джонстың айтуынша, бұл мәлімет оған жекпе-жек шартына тікелей қатысы бар сенімді дереккөз арқылы жеткен. Қос тарап келісімді әлі толық бекіткен жоқ, дегенмен жекпе-жектің өту ықтималдығы жоғары.

Егер бұл айқас өтсе, ол Бетербиев үшін Дмитрий Биволдан есе жібергеннен кейінгі алғашқы жекпе-жек болмақ. Естеріңізге салсақ, екі ресейлік былғары қолғап шебері алғаш рет 2024 жылдың күзінде Эр-Риядта кездесіп, онда Бетербиев төрешілердің шешімімен сенсациялық жеңіске жетіп, барлық белбеуді біріктірген еді. Алайда 2025 жылдың ақпанында өткен қарымта жекпе-жекте Бивол толық үстемдік танытып, 12 раунд бойы басымдықпен жеңіске жетіп, өз атағын қайта қайтарды. Қазір қос мықтының есебі - 1:1, сондықтан трилогия мәселесі ашық күйінде қалып отыр.

Егер Бетербиев – Лопес жекпе-жегі жүзеге асса, ол Артур үшін Биволмен өтетін шешуші үшінші айқас алдындағы маңызды сынақ болуы мүмкін. Ал бұл трилогияны промоутерлер 2026 жылға жоспарлап үлгерген.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie