locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Бірдеңе дұрыс болмаған». Допинг даудан кейін Әлімханұлының қарсыласы чемпионға қатаң пікір білдірді

Допинг-даудан кейін Әлімханұлының ықтимал қарсыласы қатаң мәлімдеме жасады
«Бірдеңе дұрыс болмаған». Допинг даудан кейін Әлімханұлының қарсыласы чемпионға қатаң пікір білдірді
ФОТО: Getty images

Доминикандық боксшы Карлос Адамес қазақстандық Жәнібек Әлімханұлының атына қатысты туындаған допинг-дау аясында өткір пікір білдірді. Оның айтуынша, чемпионның рингтегі әрекеттері мен физикалық жағдайы бұған дейін-ақ күмән тудырған.

«Мен әрдайым ашық сөйлеймін. Бұл жағдай – қорқақтықтың көрінісі. Оның жекпе-жектерін көргенде, бірдеңе дұрыс емес екенін сезетінмін. Өзі әлсіреп тұрғандай көрінетін, бірақ әр соққысы өте ауыр тиетін. Оның бойында бір қалыптан тыс нәрсе бар сияқты әсер қалдыратын», – деді Адамес.

Доминикандық боксшы асығыс қорытынды жасамағанын да атап өтті. Оның айтуынша, бәрін жеке өзі рингте тексергісі келген. Адамес Жәнібек Әлімханұлымен бетпе-бет кездесіп, оның шынымен қаншалықты мықты, жылдам әрі қауіпті екенін сыртқы факторларсыз көргісі келгенін жеткізді.

Еске сала кетейік, Жәнібек Әлімханұлы кәсіби рингте әлі жеңіліс көрмеген – 17 жеңіс, оның 12-сі нокаутпен аяқталған. Соңғы жекпе-жегін ол 5 сәуір күні өткізіп, француз боксшысы Нгамиссенгені сенімді түрде ұтқан. Қазіргі таңда В сынамасының ашылуы күтілуде, дәл осы нәтиже чемпионның болашақ тағдыры мен мансабына қатысты шешуші рөл атқармақ.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie