locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Бек Нұрмағанбет АҚШ-та қарсыласын бірінші раундта нокаутқа түсірді

Бек Нұрмағанбет АҚШ-та қарсыласын бірінші раундта нокаутқа түсірді
ФОТО: Getty images

Кәсіпқой бокста жеңіліп көрмеген отандасымыз Бек Нұрмағанбет АҚШ-тың Филадельфия қаласында өткен бокс кешінде кезекті жеңісіне қол жеткізді. Қазақстандық спортшы жартылай ауыр салмақта коста-рикалық Энкарнасьон Диаспен жұдырықтасып, алғашқы раундта-ақ техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Бек жекпе-жекті өте сенімді бастады. Қарсыласына еш мүмкіндік бермей, жойқын шабуылдарымен басымдық танытты. Қарқынына шыдамаған Диас бірінші раундтың өзінде-ақ тоқтатылды. Осылайша Нұрмағанбет кәсіби мансабындағы 14-ші жеңісіне жетті, оның 12-сі — уақытынан бұрын аяқталған.

Энкарнасьон Диас бұған дейін 25 рет жеңіске жетіп, 5 рет жеңілген болатын. Бұл оның алтыншы жеңілісі. Сонымен қатар, ол 2024 жылы тағы бір қазақстандық боксшы — Әли Ахмедовке де есе жіберген еді.

27 жастағы Бек Нұрмағанбет бүгінде Сауль «Канело» Альварестің командасында жаттығып жүр. Ол кәсіби деңгейде тұрақты дамып, чемпиондық белбеуге

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie