locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Балауса Мұздыман мен Ангелина Лукас арасында реванш орын алуы мүмкін

Балауса Мұздыман мен Ангелина Лукас арасында реванш орын алуы мүмкін
ФОТО: Getty images

Fight Nights Global файтерлік лигасының президенті Камил Гаджиев Балауса Мұздыман мен Ангелина Лукас арасында бокс жекпе-жегін ұйымдастыру жоспарын бөлісті.

Гаджиевтің айтуынша, Балауса Муздиманның жағы жекпе-жекке қатысуға дайын екенін растаған, енді шешім Ангелина Лукасқа байланысты.

“Менің ойымша, Балауса Мұздыман мен Ангелина Лукас арасында жекпе-жек өткізу керек. Әрқайсысына 50 000 доллар төлеуге дайынмын. Әйелдер боксы үшін бұл өте жоғары гонорар. Балаусаның менеджері келісімін берді, енді кезек Ангелина Лукаста. Осы жекпе-жекті ұйымдастырайық. Ішкі нарықтағы қарсыластардың кездесуі әрқашан үлкен қызығушылық тудырады”, – деді лига басшысы.

Еске салайық, өткен жылдың мамыр айында спортшылар Қазақстан Республикасының VI жазғы Спартакиадасында әуесқой бокс жекпе-жегін өткізген болатын. Сол кезде Балауса 5:0 есебімен жеңіске жетті. Алайда Ангелина Лукас бұл шешіммен келіспей, қос спортшы арасында үлкен дау туындаған еді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie