Қазақстандық боксшылар Сербиядағы халықаралық турнирде 13 медаль жеңіп алды
ФОТО: Instagram
Сербияда өткен "Belgrade Winner" халықаралық турнирінде Қазақстан құрамасы 13 медаль жеңіп алды: 8 алтын, 4 күміс және 1 қола.
Турнир жеңімпаздары: Нұрғиса Тұрабеков (48 кг), Рамазан Нұрлыбаев (51 кг), Нұрсұлтан Алтынбек (57 кг), Жансері Көшербаев (60 кг), Нұрбек Мұрсал (71 кг), Санжарәлі Бегалиев (75 кг), Дәурен Мамыр (86 кг) және Нұрасыл Асылхан (+92 кг).
Күміс жүлдегерлер қатарында Бексұлтан Боранбек (54 кг), Илья Калинин (67 кг), Бақберген Әлиасқаров (75 кг) және Ильяр Аширов (80 кг). Ал Бекзат Мақжан (63.5 кг) қола медаль еншіледі.
Турнир қорытындысы бойынша Нұрбек Мұрсал үздік боксшы атанды.
Қазақстан құрамасы халықаралық турнирде 18 медаль жеңіп алды