locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қазақстандық боксшы Нұрбек Оралбай Болгарияда өткен кіші әлем чемпионатында сенімді жеңіске жетті

Қазақстандық боксшы Нұрбек Оралбай Болгарияда өткен кіші әлем чемпионатында сенімді жеңіске жетті
Қазақстандық боксшы Нұрбек Оралбай Болгарияда өткен кіші әлем чемпионатында сенімді жеңіске жетті

Қазақстандық боксшы Нұрбек Оралбай Болгарияның София қаласында өтіп жатқан Странджа кубогы-2025 жарысында 86 келіге дейінгі салмақта 1/8 финалда жеңіске жетті. Бір қызығы, бұл турнирді кіші әлем чемпионаты деп те атайды.
86 келіге дейінгі салмақта 1/8 финалда Нұрбектің қарсыласы Болгария боксшысы Мануэль Жечев болды.
Оралбай мерзімінен бұрын жеңіске жетіп, болгар боксшысы екінші раундта нокдаунға түсті. Қорытынды есеп 5:0 Қазақстан спортшысының пайдасына!
Айта кетейік, Нұрбек 2024 жылы Парижде (Франция) өткен Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері және 2023 жылы Ташкентте (Өзбекстан) өткен әлем чемпионатының чемпионы.
Айтпақшы, Софияда өтіп жатқан кіші әлем чемпионатында Қазақстан намысын 92 келі салмақта Нұрбектің егіз інісі, командамыздың капитаны Айбек Оралбай қорғауда.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie