locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қазақстандық боксшы қыздар халықаралық турнирде он медаль жеңіп алды

Бокс
Наурызбай Қанатұлы
Наурызбай Қанатұлы
Қазақстандық боксшы қыздар халықаралық турнирде он медаль жеңіп алды
Фото: kfb.kz

Қазақстандық боксшылар жастар әлем кубогы мәртебесіне ие Будвада (Черногория) өткен “Адрия інжуі” халықаралық турнирінде өнер көрсетті. Аталған турнирде қазақстандық қыздар он медаль жеңіп алды

Жастар арасындағы әлем кубогы мәртебесіне ие болған жарыс барысында екі алтын, жеті күміс, бір қола медаль алды.

Ел құрамасынан Регина Тибенева (57 келі) мен Ақбота Есімбекова (66 келі) жеңімпаз тұғырына көтерілді.

Ал Рахмина Абдумежитова (52 келі), Ақнұр Тұрсынғали (57 келі), Алина Кұдайгенова (63 кг), Айсұлу Мұхит (66 келі), Мария Сидоренко (70 келі), Зарина Толыбай (75 келі) және Сабина Жақсылық (81келіден жоғары) күміс жүлдегер атанса, қола медаль Толғанай Қасымханға (60 келі) бұйырды.

Бүгін Сербияда өтіп жатқан бокстан әйелдер арасындағы әлем чемипонатының екінші күні. Бүгінгі жарыс күнінде екі боксшымыз рингке шығады.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie