locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қазақстандық боксшы Графеева Азия чемпионымен әлем чемпионатының ширек финалында кездеседі

Бокс
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
Қазақстандық боксшы Графеева Азия чемпионымен әлем чемпионатының ширек финалында кездеседі
ФОТО: Getty Images

Сербияның Ниш қаласында өтіп жатқан әйелдер арасындағы бокстан әлем чемпионатында Қазақстан спортшысы Виктория Графеева жүлдеге таласын жалғастыруда. 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің ширек финалында ол екі дүркін Азия чемпионы (2021, 2023) өзбекстандық Ситора Турдибековамен жұдырықтасады.

Аталған жекпе-жек 13 наурызда өтеді және жартылай финалға шығатын боксшыны анықтайды.

Айта кетейік, 1/8 финалда Графеева Грекия спортшысы София Легакимен кездесіп, төрешілердің бірауызды шешімімен (5:0) жеңіске жетті. Ал Турдибекова турнирді Вьетнам өкілі Ти Май Нгоны 4:0 есебімен жеңіп бастаған болатын.

Әйелдер арасындағы әлем чемпионаты 8-17 наурыз аралығында Ниш қаласында өтіп, әлемнің ең мықты боксшыларын жинады.

Сондай-ақ оқыңыз: Қазақстандық боксшы Графеева нокдаунмен әлем чемпионатының ширек финалына шықты

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie