Қазақстандық боксшы Азия чемпионатының жартылай финалына жолдама алды
65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Илья Калинин оңтүстіккореялық қарсыласынан жеңіске жетті.
ФОТО:КФБ
Бангкокта (Таиланд) өтіп жатқан жастар арасындағы Азия чемпионатында (U-19 және U-22) Илья Калинин жартылай финалға жолдама алды.
Қазақстандық боксшы Илья Калинин 19 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы 65 келіге дейінгі салмақ санатында өнер көрсетіп жатыр. Ширек финалда ол Оңтүстік Кореядан келген Донхён Лимен жұдырықтасып, төрешілер шешімімен жеңіске жетті.
Бұл жетістік Калининге Азия чемпионатының қола медалін кемі қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Ол жарыста сенімді өнер көрсетіп, ел намысын лайықты қорғап келеді.
Еске салайық, осы жарыста тағы бір қазақстандық боксшы жартылай финалға шықты. Бұл Қазақстан құрамасының жалпы табысына оң әсер етуде.