Қазақстан әйелдер құрамасының жаттықтырушысы екі әлем чемпионатына дайындық туралы хабарлады
Қазақстан әйелдер құрамасы бокстан биылғы маусымда екі әлем чемпионатына қатысады. Сонымен қатар, тұңғыш рет тарихта 150 боксшының басын қосқан бірлескен жаттығу жиыны өтті.
“Биыл бізді екі әлем чемпионаты күтіп тұр. Наурыз айында IBA-ның әлем біріншілігі өтеді. Бұл жарысқа Сербияда қатысамыз. Ал қыркүйекте Англияда World Boxing ұйымы ұйымдастыратын әлем чемпионаты өтеді. Бұл сынға да қатысуды жоспарлап отырмыз. Осылайша, біздің қыздар екі әлем біріншілігінде бақ сынайды. Сонымен қатар, халықаралық жарыстар да жоспарда бар”, – деді Сайдалин Ақырыс Сейтқазының YouTube-арнасына берген сұқбатында.
Айта кетейік, жаттығу жиынына алғаш рет 150 спортшы қатысуда. Қазақстанның жасөспірімдер, жастар және ересектер құрамасы бірлескен жаттығу жиынын өткізді. Жиынға қатысушылардың ең үлкені – 38 жаста, ал ең кішісі – 14 жаста.
Қайрат Сәтжанов бокстан Қазақстан құрамасының алдағы жоспарлары туралы айтты