Қазақстан әйелдер құрамасының капитаны әлемдік рейтингтің шыңын жоғалтты
World Boxing халықаралық федерациясы 2025 жылдың қорытындысы бойынша әйел боксшылардың жаңа рейтингін ұсынды, деп хабарлайды ҚФБ баспасөз қызметі.
Жаңартылған тізімде маңызды өзгеріс орын алды: Қазақстан әйелдер ұлттық құрамасының капитаны, елдің ең атақты спортшысы Назым Қызайбай 48 кг салмақтағы №1 статусынан айырылды.
Соған қарамастан, басқа салмақ дәрежелерінде қазақстандық боксшылар жоғары орындарын сақтап қалды. Әлемдік рейтингтің көшін екі қазақстандық спортшы қыз бастады:
65 кг дейін – Аида Әбікеева (1575 ұпай);
70 кг дейін – Наталья Богданова (1650 ұпай).
Қалған қазақстандық спортшылардың нәтижелері келесідей:
48 кг дейін – Назым Қызайбай (2-орын);
51 кг дейін – Алуа Балкибекова (2-орын);
57 кг дейін – Карина Ибрагимова (11-орын);
60 кг дейін – Виктория Графеева (3-орын);
75 кг дейін – Надежда Рябец (13-орын);
80 кг дейін – Гүлсая Ержан (6-орын);
80 кг жоғары – Ельдана Тәліпова (3-орын).
Назым Қызайбай 2025 жылы Ливерпульде өткен әлем чемпионатында күміс жүлде иеленді. Оның еншісінде әлем чемпионатының үш алтын медалі (2014, 2016, 2025) және 2024 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдесі бар. Бұл оны Қазақстан тарихындағы ең табысты боксшылардың біріне айналдырады.
Сондай-ақ америкалық комментатор Жәнібекті допинг дауы аясында сынға алды.