locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қазақ боксшылары Белград жеңімпазы турнирінде сәтті өнер көрсетуде

Қазақ боксшылары Белград жеңімпазы турнирінде сәтті өнер көрсетуде
ФОТО: KBF

Сербияда Belgrade Winner халықаралық турнирі өтіп жатыр. Бұл – Еуропадағы ең көне бокс турнирлерінің бірі. Жарыс IBA (Халықаралық бокс қауымдастығы) аясында ұйымдастырылып, алдағы халықаралық сайыстарға дайындық кезеңдерінің бірі болып саналады.

7 ақпанда рингке шыққан бес қазақ боксшысы да жеңіске жетті:

Рамазан Нұрлыбаев (51 кг) сербиялық Гаси Северджанды жеңді. Қарсыласы үшінші раундта жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты.

Нұрсұлтан Алтынбек (57 кг) Қырғызстандық Тұрғынбек Иманқадыровтан басым түсіп, 5:0 есебімен жеңіске жетті.

Нұрбек Мұрсал (71 кг) қырғызстандық Сырғақ Абдыжапар уулун 4:1 есебімен жеңді.

Бақберген Алиасқаров (75 кг) словениялық Илья Лищукты 5:0 есебімен сенімді жеңді.

Санжаралы Бегалиев (75 кг) аустриялық Малик Кангариевті 5:0 есебімен ұтты.

Турнир 10 ақпанға дейін жалғасады. Өткен жылы жарысқа 16 елден 128 боксшы қатысқан. Турнирдің ең үздік боксшысы атағын черногориялық Томислав Джинович иеленді.

Boxam Elite 2024. Үшінші жарыс күнінің қорытындысы

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie