Астанадағы бокстан Әлем кубогының үшінші күнінің кестесі
2 шілде күні елордада бокстан Әлем кубогының үшінші күнгі жекпе-жектері өтеді. Бұл күні қазақстандық жанкүйерлер бірқатар маңызды кездесулердің куәсі болады.
Атап айтқанда, Назым Қызайбай өзбекстандық Фарзона Фозиловамен қолғап түйістіреді, ал Азия чемпионы Сағындық Тоғамбай алғашқы жекпе-жекте әйгілі итальяндық Мұхиддинді нокаутқа жіберген америкалық Малачи Джорджспен айқасады.
Күндізгі сессия (басталуы – 14:00):
– 48 келі, ширек финал: Назым Қызайбай – Фарзона Фозилова (Өзбекстан)
– 50 келі, 1/8 финал: Алуа Балқыбекова (Қазақстан) – Дженнифер Лозано (АҚШ)
– 50 келі: Санжар Ташкенбай – Шодай Кото (Жапония)
– 80 келі, ширек финал: Гүлсая Ержан – Рани Пуджа (Үндістан)
– 80 келі, ширек финал: Бекзат Нұрдәулетов – Лачлан Лоусон (Аустралия)
Кешкі сессия (басталуы – 19:00):
– 60 келі: Виктория Графеева – Гизем Озер (Түркия)
– 65 келі: Аида Әбікенова – Дион Бурман (Англия)
– 65 келі: Ертуған Зейнолла – Ахмет Пекель (Түркия)
– 90 келі: Сағындық Тоғамбай – Малачи Джорджс (АҚШ)
Абылайхан Жүсіпов – Әлем кубогынан ұтылған соң: Бұл тек бір кезең ғана. Алла қаласа, алдымызда әлі талай белес бар.