Артур Бетербиев Дмитрий Биволмен болған жекпе-жектегі төрешілер шешімі туралы пікір білдірді
Жартылай ауыр салмақтағы абсолютті әлем чемпионы, әлі жеңіліс көрмеген Артур Бетербиев бұрынғы WBA және IBO чемпионы Дмитрий Биволға қарсы алғашқы жекпе-жегіндегі төрешілердің шешіміне қатысты ойын айтты. Бұл кездесуде Бетербиев төрешілердің көпшілік шешімімен жеңіске жеткен еді.
“Мен бұл жекпе-жекте жеңіске жеттім, қолымды көтерді. Төрешілер менің туысым немесе достарым емес. Кез келген жекпе-жектен кейін әртүрлі пікірлер болуы қалыпты жағдай. Әсіресе, бұл – менің кәсіби мансабымдағы алғаш рет төрешілер шешімімен аяқталған жекпе-жек. Олар өз бағасын беріп, ресми шешім шығарды, бәрі әділ”, – деді Бетербиев “Чемпионат” порталына берген сұқбатында.
Бетербиев пен Бивол арасындағы алғашқы айқас 12-13 қазанға қараған түні Эр-Риядта өтті. Жекпе-жек төрешілер шешімімен аяқталып, екі төреші Бетербиевтің пайдасына (115-113, 116-112) дауыс берсе, біреуі тең есеп (114-114) қойды. Бұл жеңіліс Бивол үшін кәсіби мансабындағы алғашқысы болды.
Артур БЕТЕРБИЕВ: "Мен Мұхаммед Әли сияқты жақсы боксшы емеспін"