Қамшыбек Қоңқабаев бокстағы мансабын аяқтады
Бокс
Наурызбай Қанатұлы
Фото: olimpic.kz
Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының экс-капитаны, Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Қамшыбек Қоңқабаев мансап жолын аяқтады.
Бұл туралы Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы Қайрат Сәтжанов айтты.
Қамшыбек Қоңқабаев Париж Олимпиадасынан кейін шаршы алаңға оралмаған еді.
Айта кетейік, 91 келіден жоғары салмақта жұдырықтасқан боксшы мансабында екі рет Әлем чемпионатының (2017, 2019), үш рет Азия чемпионатының күміс жүлдегері (2017, 2019, 2021) атанды.
Қазір оның салмағында (+92 кг) Айбек Оралбай ел намысын қорғап жүр.
Қайрат Сәтжанов Қазақстан бокс құрамасының көшбасшыларының болашағы туралы айтты