locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Алтын нүкте: Расул Асанханов Азия чемпионатында U-19 ерлер құрамасының абыройын сақтап қалды

Расул Асанханов Бангкок төрінде Қазақстанға көптен күткен жеңіс сыйлады
Алтын нүкте: Расул Асанханов Азия чемпионатында U-19 ерлер құрамасының абыройын сақтап қалды
ФОТО: KBF

World Boxing ұйымы өткізген жастар арасындағы Азия чемпионатындағы Қазақстан құрамасының жорығы жеңісті нүктемен аяқталды – турнирдің соңғы финалдық бәсекесінде алтын жүлде қоржынға түсті.

Бұған дейін, қақстандық боксшылар алтыннан дәмелі болып, бірақ бір қадам жетпей тоқтаған Бангкок рингінде бұл жолғы басты кейіпкер – Расул Асанханов болды. U-19 санатындағы 90 келіге дейінгі салмақтағы шешуші айқаста ол үндістандық Хемант Сангванмен күш сынасып, төрешілердің бөлінген шешімімен жеңісті қанжығасына байлады.

Жекпе-жектің шешуші сәті екінші раундта өрбіді: қарсыласына жасаған жойқын шабуылынан кейін Асанханов оны нокдаунға жіберіп, өзіне толық сенімділік алды. Осыдан кейін ол айқастың соңғы сәтіне дейін басымдықты уысынан шығарған жоқ.

Бұл жеңіс Қазақстан үшін ерекше мәнге ие болды – бірінен соң бірі келген финалдағы сәтсіздіктерден кейін дәл Асанханов алтынды елге қайтарды.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie