locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Алимханұлы мен Шираз: WBO промоутерлік сауда күнін белгіледі

Ұйым Жәнібек Алимханұлы мен Хамза Шираз арасындағы чемпиондық жекпе-жекті ұйымдастыру құқығы үшін аукцион өткізеді
ФОТО: коллаж

Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) екінші орта салмақтағы әлем чемпионы, британдық Хамза Шираз бен Қазақстаннан шыққан міндетті үміткер Жәнібек Алимханұлы арасындағы титулдық жекпе-жек бойынша промоутерлік сауда өткізілетін күнді белгіледі, деп хабарлайды Sports24.kz.

WBO боксшылардың тараптары мен Queensberry Promotions және Top Rank промоутерлік компанияларын аукцион өтетіні туралы хабардар етті. Сауда 16 қыркүйекте жергілікті уақыт бойынша сағат 14:00-де ұйымның Пуэрто-Риконың Сан-Хуан қаласындағы бас кеңсесінде өтеді.

Қазақстан уақыты бойынша сауда 16 қыркүйекте сағат 23:00-де басталады.

Бұған дейін Алимханұлы мен Шираз командалары жекпе-жекті өткізу жөніндегі келіссөздерді тамыз айында бастаған. Алайда белгіленген мерзім ұзартылғанына қарамастан, тараптар ортақ келісімге келе алмады.

Алимханұлы — WBO нұсқасы бойынша екінші орта салмақтағы міндетті үміткер.

Бұған дейін Алимханұлы Сауль «Канело» Альвареспен ықтимал жекпе-жек туралы пікір білдірген еді. Қазақстандық боксшы әлеуетті кездесуде өз мүмкіндігін әлі де жоғары бағалайтынын және мексикалық қарсыласын жақсы зерттегенін мәлімдеді.

Арсен Алиев
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie