locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Қайдағы супержұлдыз?». Ресейліктер Жәнібек Әлімханұлының мәртебесіне күмән келтірілді

Кармазин Жәнібек Әлімханұлының атағына күмәнмен қарады
«Қайдағы супержұлдыз?». Ресейліктер Жәнібек Әлімханұлының мәртебесіне күмән келтірілді
ФОТО: Getty images

Орта салмақтағы әлем чемпионы, қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы тағы да талқылаудың нысанына айналды. Бұл жолы оның болашағына күмән келтірген – IBF нұсқасы бойынша бұрынғы әлем чемпионы, танымал ресейлік боксшы Роман Кармазин.

«Мен Жәнібекті жақсы білемін. Менің шәкіртім бірнеше жыл бойы оның залында спарринг өткізген. Жәнібек – мықты боксшы, бірақ мен оны болашақ супержұлдыз деп ойламаймын. Қазір оны сәл артық мақтап жатыр. Головкин мансабын аяқтады, енді оның орнына біреуді шығару керек, ал Жәнібек – нағыз қазақ. Ол шебер боксшы, бірақ мен оны әлемді дүр сілкіндіретін тұлға ретінде көрмеймін», – деді ол Betonmobile басылымына берген сұқбатында.

Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы – орта салмақта белбеу біріктіре алған санаулы қазақстандықтардың бірі. Қазіргі таңда оның еншісінде 17 жеңіс бар, соның 11-і нокаутпен аяқталған.

Соңғы жекпе-жегін Әлімханұлы 5 сәуірде Астанадағы «Барыс Аренада» өткізіп, франциялық Анауэль Нгамиссенгені бесінші раундта техникалық нокаутпен жеңген болатын.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie