locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Айбек Оралбай салмақ дәрежесі жайлы: \"Көп адам арықтауға тырысқанда, мен керісінше, басқа қиындыққа тап болдым\"

Айбек Оралбай салмақ дәрежесі жайлы: "Көп адам арықтауға тырысқанда, мен керісінше, басқа қиындыққа тап болдым"
ФОТО: KBF

Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Айбек Оралбай өзінің және інісі Нұрбектің салмақ дәрежесін өзгерту туралы қабылдаған шешімі жайлы айтып берді.

“Балалық шағымызда біздің салмағымыз шамалас болды: Нұрбек 58 кг санатында жұдырықтасса, мен 60 кг салмақта өнер көрсеттім. Бапкеріміз Асқар Еркебаев болашақта қиындықтар туындауы мүмкін екенін айтып: “Егер араларыңдағы салмақ айырмашылығы небәрі екі келі болса, алдағы уақытта бір-біріңе қарсылас болып қалуларың ықтимал” деп ескертті. Сол себепті ол бірімізге салмақ түсіруді, ал екіншімізге 10 келіге дейін қосуды ұсынды. Біз бұл мәселені ақылдасып, мен салмақ қосатын болдым. Бұл оңай болған жоқ: тамақты молынан жеп, дәрумендер қабылдасам да, салмағым өспеді. Көп адам арықтауға тырысқанда, мен керісінше, басқа қиындыққа тап болдым. Ақыры, Нұрбек 80 кг-ға дейін көтерілсе, мен бірнеше жыл 90 кг-нан жоғары салмақта өнер көрсеттім", — деді Айбек SPORT+ телеарнасына берген сұ-батында.

2024 жылғы Париж Олимпиадасында Айбек Оралбай ширек финалға дейін жетіп, кубалық боксшысы Лорен Альфонсо Домингеске есе жіберіп, жартылай финалға шыға алмады.

Ал оның інісі Нұрбек Оралбай 80 кг дейінгі салмақта финалға дейін жетіп, шешуші жекпе-жекте украиналық Александр Хижнякқа жол беріп, күміс медаль иеленді.

Айбек Оралбай ұлттық құраманың капитаны болып тағайындалғанға дейін бұл міндетті 71 кг салмақта өнер көрсеткен Асланбек Шымбергенов атқарған.

Қазақстандық боксшылар Испаниядағы Boxam Elite-2025 турнирінде бақ сынауда

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie