locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Айбек Оралбай – бокстан әлем чемпионы!

Оралбай Қазақстан ұлттық құрамасының Ливерпульдегі әлем чемпионатындағы ойынын жеңіспен аяқтады
Трансляциядан скриншот

Қазақстан бокс құрамасының капитаны Айбек Оралбай Ливерпульде өткен әлем чемпионатында ұлттық құрама қоржынына жетінші алтын медальді салды.

90 кг-нан жоғары салмақ дәрежесінде сынға түскен қазақстандық ауыр салмақты боксшы финалда өзбекстандық Жахонгир Зокировты тізе бүктірді. Бірінші раунд Жахонгирдің еншісіне жазылды – 3:2. Екінші раундта да Зокиров басымдық танытты – 4:1. Алайда Айбек шешуші раундта сенімді түрде жеңіске жетті – 4:1. Нәтижесінде, қазақстандық боксшы төрешілердің бөлек шешімімен 3:2 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, Қазақстан құрамасы үшін әлем чемпионаты мәресіне жетті. Бұл жаһандық додада құрама еншісінде 7 алтын медаль бар: Санжар Ташкенбай, Махмуд Сабырхан, Алуа Балкибекова, Аида Абикеева, Торехан Сабырхан, Наталья Богданова және Айбек Оралбай.

Сонымен қатар, Назым Қызайбай бір күміс медаль, ал Виктория Графеева мен Ельдана Тәліпова екі қола жүлдені қанжығасына байлады.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie