locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Абель Санчес Садриддин Ахмедов жайлы: Мені оған Головкиннің ұсынды

Абель Санчес Садриддин Ахмедов жайлы: Мені оған Головкиннің ұсынды
Фото: IG Садриддин Ахмедов

Геннадий Головкиннің жарқын мансабын бастаған танымал бапкер Абель Санчес бірінші орта салмақта әлі күнге дейін жеңіліс көрмеген қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедовпен (15-0, 13 КО) жұмыс істеу барысындағы әсерімен бөлісті.

Санчестің айтуынша, олардың серіктестігі GGG-дің тікелей ұсынысы бойынша басталған.

«Ахмедов маған Головкиннің мені ұсынғанын айтты. Бұл мен үшін үлкен мәртебе. Оның кеңесшілерімен бұрын түсініспеушіліктер болғанына қарамастан, мен әрдайым Геннадийді ұлы боксшы деп есептеймін. Біз бірге керемет тарих жаздық, табысқа жетіп, рекордтар орнаттық. Оның әлі күнге дейін менің кәсіби біліктілігіме сенетіні қуантады»,- деді Санчес BoxingScene басылымына берген сұхбатында.

Садриддин Ахмедовпен жұмыс істеу Абель Санческе жаңа серпін берген. Бапкер тіпті жаңа спорт залын сатып алып, оны толықтай жабдықтап жатыр. Бұл зал бұрын Головкин жаттыққан жерге жақын орналасқан. Қазіргі таңда қазақстандық боксшы дәл сол жерде дайындық жүргізіп жатыр.

«Садриддиннің алда әлі үлкен жолы бар. Ол бар болғаны 15 жекпе-жек өткізді, біз оны біртіндеп дамытып жатырмыз. Қазірше оны көлеңкеде ұстағым келеді, тәжірибе жинасын. Ең бастысы - оны элиталық деңгейдегі айқастарға дайындау»,-деді бапкер.

Садриддин Ахмедов келесі жекпе-жегін 19 сәуір күні АҚШ-тың Калифорния штатындағы Коммерс қаласында өткізеді. Оның қарсыласы - тәжірибелі мексикалық боксшы Элиас Эспадас (23-6, 16 КО).

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie