16 боксшымыз Азия чемпионатының финалында! Олар кімдер?
Таиланд астанасы Бангкокта жастар арасындағы Азия чемпионатының жартылай финалдық кездесулері аяқталды. Қазақстан құрамасы керемет нәтиже көрсетіп, бірден 16 спортшымыз финалға жолдама алды.
19 жасқа дейінгі ұлдар арасында:
60 кг — Әділет Төртубек, 70 кг — Бейбарыс Әшірбай, 80 кг — Тимур Тайбеков, 85 кг — Нұрсұлтан Қыстаубай, 90 кг — Расул Асанхан.
Қыздар арасында: 57 кг — Аяжан Ермек, 80 кг — Құралай Егінбайқызы.
22 жасқа дейінгі жігіттер арасында:
60 кг — Нұрислам Қалдыбаев, 65 кг — Илья Калинин, 70 кг — Нұрбек Мұрсал, 80 кг — Санжарәлі Бегалиев, 90 кг — Темірлан Мұқатаев.
Қыздар арасында: 48 кг — Гүлназ Бөрібаева, 70 кг — Бақыт Сейдіш, 75 кг — Шұғыла Нәлібай, +81 кг — Әсел Тоқтасын.
Алда — шешуші финалдық бәсекелер. Қазақстандық боксшылар алтынға толы күн сыйлауы әбден мүмкін.