locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Сан-Антонио» Кевин Дюрантты өз сапына қосуды ойластырған

ESPN инсайдері: тараптар келіссөз жүргізгенімен, ортақ шешімге келе алмаған — жазда тағы талқылауы мүмкін
Баскетбол
Әлім Динасылов
Әлім Динасылов
Редактор
«Сан-Антонио» Кевин Дюрантты өз сапына қосуды ойластырған
ФОТО: Getty Images

ESPN арнасының Солтүстік Америка журналисі әрі инсайдері Шэмс Чарания Пэт Макафи шоуында НБА-дағы ақпан айындағы дедлайн кезінде «Сан-Антонио Сперс» клубы «Финикс Санз» командасының форварды Кевин Дюрантқа қызығушылық танытқанын айтты.

Чаранияның айтуынша, екі тараптың да қызығушылығы болғанымен, ортақ мәмілеге келе алмаған. Инсайдер жазда «Сан-Антонио» мен «Финикс» клубтары 36 жастағы Дюранттың ауысу мүмкіндігін тағы да талқылайтынын атап өтті.

Бұған дейін Дюранттың «Голден Стэйт Уорриорз» командасына қайта ауысуы жайлы да айтылған еді. Бұл туралы клубтың бас бапкері Стив Керр мәлімдеген болатын.

«Оклахома» «Миннесотаны» жеңіп, НБА финалы бір қадам жақындады.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie