NBA деңгейіндегі шеберлік. «Астана» жеңісті матчта америкалық ойыншының керемет өнерін бейнелеген видеоны көрсетті
Эрик Дэй алаңда тамаша ойын көрсетті
Баскетбол
Дамир Кошечкин
Журналист
ФОТО: «Астана»
West Asia Super League (WASL) аясында қазақстандық «Астана» ливандық «Аль-Риядимен» кездесті.
Нәтижесінде, Қазақстан командасы 86:72 есебімен сенімді жеңіске жетті.
«Астана» сапындағы үздіктердің бірі америкалық баскетболшы Эрик Дэй болды! АҚШ өкілі 11 ұпай еншілеп, матч барысында тамаша пас шеберлігін де паш етті!
Дэйдің шебер ойынын төмендегі видеодан тамашалай аласыздар:
«Эрик нәтижелі пастарды нағыз маэстро секілді үлестіріп жатыр», – деп сипатталған Дэйдің жарқын ойыны көрсетілген видеоға.
Бұл – қазақстандық команда үшін осы беделді турнирдегі екінші жеңіс.
Қазіргі таңда «Астана» бес ұпай жинап, турнирлік кестеде екінші орында тұр.