locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Астананың» бұрынғы бапкері «Химкиді» баптайды

«Астанада» жұмыс істеген 33 жастағы маман туған клубына қайта оралады
Баскетбол
Әлім Динасылов
Әлім Динасылов
Редактор
«Астананың» бұрынғы бапкері «Химкиді» баптайды
ФОТО: БК «Астана»

Глеб Плотников Мәскеу маңындағы «Химки» баскетбол клубының бас бапкері болады, деп хабарлайды «Перехват» телеграм-арнасы.

Дереккөздің мәліметінше, клуб пен 33 жастағы маман келісім шарттың негізгі талаптарын мақұлдап үлгерген. Ол алдағы маусымда команданы тізгіндемек.

Плотников – «Химки» клубының түлегі. Бұған дейін бұл командада ойыншы және жаттықтырушы ретінде еңбек еткен. 2024 жылдың қазан айында Фотис Такианос кеткеннен кейін, ол «Астана» клубының бас бапкері қызметін атқарған болатын.

Айта кетейік, «Астана» келесі маусымда ВТБ Бірыңғай лигасына қатыспайтыны бұған дейін белгілі болған.

Еурокубок жеңімпазы «Хапоэль» ВТБ Біріккен лигасында «Астананың» орнын басуы мүмкін.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie