locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Астана овертаймда өткен мега матчта Нижний Новгородқа жол берді

Баскетбол
Дамир Кошечкин
Дамир Кошечкин
Журналист
Астана овертаймда өткен мега матчта Нижний Новгородқа жол берді
Астана овертаймда өткен мега матчта Нижний Новгородқа жол берді

4 наурыз күні ВТБ Біріккен Лигасы аясында “Астана” өз алаңында “Нижний Новгородпен” кездесіп, тартысты матч өткізді.
Кездесу нағыз көрермендерге арналған шоуға айналды! Қонақтар алғашқы он минуттықта он ұпайлық басымдыққа ие болды. Алайда, “Астана” намысқа тырысып, келесі үш кезеңде есепті теңестіре алды.
Негізгі уақыт 80:80 есебімен аяқталды. Алайда, овертаймда сәттілік “Нижний Новгородқа” серік болды. Қосымша бес минутта қазақстандық ұжым 2:4 есебімен жеңіліп қалды.
ВТБ Біріккен Лигасы
Астана – Нижний Новгород – 82:84 (16:26, 22:20, 20:17, 22:17, 2:4)
Қазақстандық команда сапындағы ең нәтижелі ойыншы Ти Джей Старкс болды – оның еншісінде 23 ұпай. Григорий Мотовилов 19 ұпай жинаса, Даниель Утоми 14 ұпаймен ерекшеленді. Данила Походяевтің есебінде 11 ұпай бар. Андрей Десятников пен Галлин Смит 6 ұпайдан еншіледі, ал Владислав Исаенко 3 ұпаймен шектелді.
Айта кетейік, 8 наурыз күні “Астана” өз алаңында Екатеринбургтің “Уралмашын” қабылдайды.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie