locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Рыбакина US Open турнирінің келесі кезеңіне сенімді өтті

Рыбакина US Open турнирінің келесі кезеңіне сенімді өтті

27 тамыз, Америка ашық чемпионатында қазақстандық Елена Рыбакина өз жорығын бастады.

Бірінші кезеңде әлемнің төртінші ракеткасы Рыбакина сенімді түрде австариялық Дестан Аяйваны екі сетте жеңді. Еленаның келесі қарсыласы француз Джессика Поншк атанады. Ол Америка өкілі Элизабет Мандликті өтті.

US Open, 1/64 кезеңі, 27 тамыз

Елена Рыбакина (Қазақстан) [4] - Дестани Аяйва (Австралия) [194] - 6:1, 7:6 (7:1)

Теннис кортында қос спортшы бір сағат 23 минут өткізді. Бірінші сетті Елена ешқандай күмәнсіз жеңді. Ал екінші сетте Рыбакина аздап сабырға берілді. Бірнеше қателік тай-брейкке алып келді. Алайда, төртінші ракетка есін жиып, ойынды аяқтады. Теннисшілер өзара бірінші рет ойнады. Естеріңізге сала кетсек, осыдан алдын Рыбакина өзінің бапкерімен жұмысын тоқтатты. Елена турнирдің басталуына дейін өзіне жаңа бапкер тапты.