locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Недовесов ATP 250 турнирінің жұптық сынында жеңіліп қалды

Недовесов ATP 250 турнирінің жұптық сынында жеңіліп қалды
Недовесов ATP 250 турнирінің жұптық сынында жеңіліп қалды

21-нан 22-не қараған түні ATP 250 турнирінің жұптық сын бойынша 1/4 финалдары өтті.

Қазақстан теннисшісі Александр Недовесов эквадорлық Гонсало Эскобармен бірге ATP 250 турниріндегі жорығын аяқтады. Қазақстандық-эквадорлық жұп америкалық Лука Пау мен үндістандық Дакшиневар Сурештен үш сетте жеңілді.

Уинстон-Салем, 1/4 финал, 22 тамыз

Александр Недовесов (Қазақстан) / Гонсало Эскобар (Эквадор) – Лука Пау (АҚШ) / Дакшиневар Суреш (Үндістан) – 1:6, 6:4, 10:8

Үш сетке созылған кездесу 1 сағат 8 минутта аяқталды.

Бірінші сетті Недовесов бен әріптесіне еш мүмкіндік бермей АҚШ пен Үндістан спортшылары алды. Екінші сетте доп қозу кезіндегі қателіктерді сәтті пайдаланған қазақстандық-эквадорлық жұп жеңіске жетіп, есепті теңестірді. Үшінші сет тартысты өтті, соңғы сәтте доп қосудан қателік жіберген Недовесов пен әріптесі матч поинтта жеңісті қарсыластарына берді. Мүмкіндікті құр жібермеген қарсыластар ATP 250 турнирінің ширек финалына шықты.

Бұған дейін, Недовесов пен әріптесі 1/8 финалда қиын өткен бәсекеде нидерландылық-хорватиялық жұптан басым болған еді.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie