Қазақстандық теннисші ITF турнирінің жұптық сынында жеңілді
Григорий Ломакин Коттингбрунда (Австрия) өтіп жатқан ITF турнирінің жұптық сынында жеңілді. Сәрсенбі, 21 тамыз күні, қазақстандық теннисші ресейлік жұбымен неміс дуэтіне есе жіберді.
Қазақстандық теннисші Григорий Ломакин австриялық Коттингбрунда өтіп жатқан ITF турниріндегі жорығын аяқтады. Жеке сындағы жеңілістен кейін, Ломакин жұптық сындада жеңіліске ұшырады.
1/8 кезеңінде Григорий Ломакин (Қазақстан) / Дани Голубев (Ресей) неміс тандемі Янник Кельм / Джастин Шлагетер қарсы кездесу өткізді. Неміс теннисшілері екі сетті бірдей есеппен жеңді - 6:3. Кездесу 1 сағат, 4 минутқа созылды.
ITF турнирі, Коттингбрун (Австрия). Жұптық сын, 1/8 кезең, 21 тамыз.
Григорий Ломакин (Қазақстан) / Дани Голубев (Ресей) - Янник Кельм (Германия) / Джастин Шлагетер (Германия) - 3:6, 3:6.
ММА
Бүгін 14:44