Қазақстандық тенисшілер өнер көрсететін Сфинсктер командасы көрме турнирінде жеңіліс тапты
Теннис
01 жел 2024 23:07
Асылхан Тоқсанбек
sports24 сарапшы
ФОТО: gettyimages.com
1 желтоқсан күні Санкт-Петербургте 29 қарашада басталған "Солтүстік Пальмира трофейі" көрме турнирі аяқталды. Михаил Южный капитандық еткен "Арыстандар" командасы үшінші ойын күнінде Янко Типсаревич басқарған "Сфинкстерден" 114:107 есебімен басым түсті.
"Солтүстік Пальмира трофейі — 2024". Үшінші ойын күнінің нәтижелері:
- Анастасия Потапова, Ресей ("Арыстандар") — Диана Шнайдер, Ресей ("Сфинкстер") — 11:9 (3:3, 4:3, 4:3).
- Карен Хачанов, Ресей ("Арыстандар") — Александр Бублик, Қазақстан ("Сфинкстер") — 14:10 (4:4, 4:4, 6:2).
- Душан Лайович, Сербия/Виктория Томова, Болгария ("Арыстандар") — Педро Мартинес, Испания/Юлия Путинцева, Қазақстан ("Сфинкстер") — 10:11 (4:4, 3:3, 3:4).
- Роберто Баутиста-Агут, Испания ("Арыстандар") — Танаси Коккинакис, Австралия ("Сфинкстер") — 10:9 (5:2, 2:3, 3:4).
Турнир ережесіне сәйкес, әр матч үш сеттен тұрды, олардың әрқайсысының ұзақтығы 20 минут. Егер сеттің соңына дейін бір минуттан артық уақыт қалса, қосымша гейм ойналды. Ал бір минуттан аз уақыт қалғанда сет аяқталған болып есептелді. Егер барлық сеттерде ойыншылардың жеңген гейм саны тең болса, жеңімпазды анықтау үшін шешуші гейм өткізілді.
Танымал жаңалықтар