Юлия Галышева Әлем Чемпионаты кезеңінде екі рет үздік бестікке енді
Грузияның Бакуриани қаласында өткен фристайлдан Әлем кубогы кезеңінде қазақстандық спортшы Юлия Галышева жоғары нәтижелер көрсетті. Классикалық могул бойынша финалға шығып, 74,82 ұпаймен төртінші орынды иеленді. Бұл көрсеткіш оған турнирдің жалпы есебіне 50 ұпай әкелді.
Бұл дисциплинада жеңіске америкалық Оливия Джиаччо жетті. Ал қазақстандықтар арасында Анастасия Городко 14-орын, Аяулым Әміренова 18-орын алды.
Көлденең могул бойынша Галышева тағы да үздік қазақстандық спортшы атанды. Ол ширек финалда жарыстан шығып, бесінші орынға тұрақтады. Бұл нәтижесі оған қосымша 45 ұпай сыйлады. Бұл жолы жеңіс америкалық Джейлин Кауфқа бұйырды. Аяулым Әміренова 17-орын алды.
Ерлер арасындағы жарыстарда қазақстандық Павел Колмаков екі дисциплинада да 11-орынға тұрақтады.
Биатлон. Владислав Киреев Әлем Чемпинатының кезеңінде алғашқы ұпайларын жинады.
Бокс
Бүгін 20:16
Бокс
Бүгін 19:54
Бокс
Бүгін 19:41