locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Париждегі Паралимпиаданың чемпиондары мен жүлдегерлері қанша ақша алады: нақты сомалар

Басқа спорт түрлері 09 қыр 2024 12:03
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
sports24 сарапшы
Париждегі Паралимпиаданың чемпиондары мен жүлдегерлері қанша ақша алады: нақты сомалар
Париждегі Паралимпиаданың чемпиондары мен жүлдегерлері қанша ақша алады: нақты сомалар

Күні кеше Парижде жазғы Паралимпиада ойындары аяқталып, тарихта алғаш рет ерекше қабілеті бар спортшыларымыз әртүрлі номинацияда тоғыз медаль жеңіп алды.

Олимпиада медальдары үшін мемлекет қомақты қаржы төлейтіні белгілі: алтынға 250 мың доллар, күміске 150 мың, қола үшін 75 мың доллар. Бұл критерий бойынша еліміз әлемде жетінші орында тұрмыз. Алайда, Паралимпиада ойындарының жеңімпаздары әр елде марапатталмайды, ал марапатталса, сомалар әлдеқайда төмен.

Қазақстанда спортшыларды санат бойынша ажырату жоқ, сондықтан Паралимпиада чемпиондары мен жүлдегерлері бірдей сыйақы алады. Мемлекеттік бюджеттен паралимпиадалық спортшыларға 1 миллион 460 мың доллар бөлінетін болды. Олардың жеке жаттықтырушылары да осындай соманы алады.

Еске салайық, Парижде өткен Паралимпиада ойындарында қазақстандық спортшылар екі алтын, үш күміс және төрт қола медаль жеңіп алған болатын. Ақтық командалық сында еліміз 39-орынға тұрақтады.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie