locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Дүниежүзілік көшпенділер ойыны: қазақстандық теннисшілер жарыстарды тамашалады

Басқа спорт түрлері 09 қыр 2024 13:51
Павлив Никита
Павлив Никита
sports24 сарапшы
Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: жарысқа қазақстандық теннисшілер қатысты

Дэвис Кубогыне іріктеу аясындағы Норвегиямен өтетін кездесу алдында қазақстандық команда капитаны Юрий Щукиннің басшылығымен бесінші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын тамашалады. Теннисшілер “Қошпенділер Әлемі” деген этноауылға барып, “Қазанат”ипподромының жанында орналасқан көшпелі өркениеттер мұражайын аралап, ұлттық тағамдардан дәм татты. Құрама спортшылары қазақстандық спортшыларға да жанкүйерлік қолдау көрсетті.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан мен Норвегия арасындағы матч елордамыз Астана қаласында орналасқан “Beeline Arena” жабық хард кортында өтеді. Дэвис Кубогының іріктеу матчтары 4 жекелей және бір жұптық кездесуден тұрады. Ойын үш сеттен тұратын форматта өтеді.