locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Бахрейнде ауыр атлетикадан өткен әлем чемпионатында екі қазақстандық үздік ондыққа енді

Басқа спорт түрлері Бүгін 00:19
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
sports24 сарапшы
Бахрейнде ауыр атлетикадан өткен әлем чемпионатында екі қазақстандық үздік ондыққа енді
ФОТО: olympic.kz

Екі қазақстандық ауыр атлет 2024 жылы Манамада (Бахрейн) өтіп жатқан әлем чемпионатында 89 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үздік ондыққа кірді.

Бұл салмақта Қазақстан атынан ең жоғары нәтиже көрсеткен Денис Полубояринов болды. Ол жалпы 370 келі (жұлқа көтеруде 165 кг және серпе көтеруде 205 кг) көтеріп, бесінші орынға ие болды. Ал үздік ондықты Олимпиаданың 2016 жылғы қола жүлдегері Денис Уланов жапты. Оның нәтижесі — 351 келі (158+193).

Бұл салмақ дәрежесінде әлем чемпионатының рекордын жаңартқан болгариялық Карлос Насар жеңіске жетті. Оның көрсеткіші — 405 келі (183+222). Күмісті КХДР өкілі Ро Кван Рель (380 кг) жеңіп алса, қола медаль молдовалық Марин Робуға (379 кг) бұйырды.

Әйелдер арасында сәрсенбі күні 71 келіге дейінгі салмақта жүлдегерлер анықталды. Қазақстандық Арай Нұрлыбекова 217 келі (жұлқа көтеруде 97 кг және серпе көтеруде 120 кг) нәтижесімен 15-орын алды.

Бұл салмақта жеңімпаз америкалық Оливия Ривз атанды (267 кг). Күміс жүлдені КХДР-нан Чжон Чун Хуй (262 кг), ал қола медальді қытайлық Ян Цюся (261 кг) жеңіп алды.

Осылайша, Қазақстан құрамасының әлем чемпионатындағы еншісінде бір ғана медаль бар. Бұған дейін күміс жүлдені Алексей Чуркин жеңіп алған болатын.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie