locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Қазақстандық жүзушілер Будапешттегі әлем чемпионатында екі ұлттық рекорд орнатты

Басқа спорт түрлері Бүгін 11:56
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
sports24 сарапшы
Қазақстандық жүзушілер Будапешттегі әлем чемпионатында екі ұлттық рекорд орнатты
ФОТО: olympic.kz

Қазақстандық спортшылар Будапештте өтіп жатқан қысқа қашықтықтағы суда жүзу бойынша әлем чемпионатының соңғы күнінде екі ұлттық рекорд орнатты.

25 метрлік бассейндегі жарыстар жексенбі күні аяқталады. Таңертеңгі сессияда қазақстандықтар бір жеке және бір командалық рекордты жаңартты.

Ғалымжан Балабек еркін стильде 200 метр қашықтықта Қазақстан тарихындағы ең жақсы нәтижені көрсетті. Ол бұл қашықтықты 1 минут 46,76 секундта жүзіп өтіп, қараша айында Әлем кубогы кезеңінде өзі орнатқан рекордты 0,07 секундқа жаңартты. Бастапқы кезеңде Балабек жалпы есепте 43-орынға ие болып, финалдық кезеңге өте алмады. Финалға тек үздік 8 спортшы шықты.

Тағы бір рекорд ерлер арасында 4×100 метр қашықтықта өткен аралас эстафетада орнатылды. Қазақстан құрамасы (Егор Попов – шалқалап жүзу, Арсен Қожахметов – брасс, Әділбек Мусин – баттерфляй, Глеб Коваленя – еркін стиль) қашықтықты 3 минут 29,47 секундта бағындырды. Бұл нәтиже командаға іріктеу кезеңінде 18-орынға тұрақтауға мүмкіндік берді, бірақ финалға тек үздік 8 команда ғана өтті.

Осылайша, қазақстандық спортшылар әлем чемпионатында шешуші кезеңдерге өте алмағанымен, екі ұлттық рекорд жаңартты.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie