locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қазақстан төлқұжатын алған мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкинаның қайда тұратыны белгілі болды

Басқа спорт түрлері 09 қыр 2024 12:45
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
sports24 сарапшы
Қазақстан төлқұжатын алған мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкинаның қайда тұратыны белгілі болды

Софья Самоделкина азаматтығын ауыстырып, енді Қазақстан туының астында жарысқа қатысуда. Спортшы Олимпиада чемпионы Евгений Плющенкомен де жұмысын тоқтатты. Жақында оның қайда тұратыны белгілі болды.

Самоделкина Астанаға қоныстанғанын айтты. Қазақстан мәнерлеп сырғанау федерациясы оған анасымен бірге тұратын пәтерді жалға алған. Ресей құрамасының бұрынғы мәнерлеп сырғанаушысы жаңа төлқұжатын көрсетті.

Бірнеше күн бұрын София Мәскеуге оралды, бірақ бұл сапар ұзаққа созылмайды. Ол заттарын жинап, жақындарымен кездесу керектігін түсіндірді, деп хабарлайды RT.

Бұған дейін Олимпиада чемпионы Наталья Бестемьянова Самоделкинаның Қазақстанға көшкенін хабарлады.